Павлодарда облыстық IT-олимпиада өтеді

Павлодарда облыстық IT-олимпиада өтеді
Фото: автор

5-9-сынып оқушылары арасындағы бағдарламалау бойынша олимпиада Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, аталмыш іс-шара ақпараттық технологиялар орталығы, ақпараттық технологиялар саласында талантты оқушыларды анықтау, ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне ынталандыру, бағдарламалауға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтеді.

Олимпиадаға қатысу үшін 2024 жылғы 19 ақпан  1 наурыз аралығында cit_disolimp@mail.ru электрондық мекенжайына өтінім жіберу қажет. Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 наурыз күні сағат 18.00-де аяқталады.