Оннан астам адам зардап шекті: Баянауылда мас жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Оннан астам адам зардап шекті: Баянауылда мас жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Сотталушы өзін ақтағысы келіп, апелляцияға берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жол апаты былтыр 9 мамыр күні аудан орталығынан 20 км қашықтықта орын алды. Қалқаман-Керней республикалық маңызы бар тас жолда 47 жастағы Audi 80 көлігінің жүргізушісі Volkswagen Crafter маркалы көлікпен соқтығысқан. 

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі мас күйінде болғанын хабарлады.

– Ол Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, – деді сотта. 

Жол апаты салдарынан екі көлік жыраға түсіп кетті. Микроавтобустың 11 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. 

Қылмыстық іс абайсызда адам денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіруге әкеп соққан, мас күйінде көлік жүргізетін адамның жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қаралды (ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігі).

Audi 80 көлігінің иесін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сондай-ақ, ол көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айырылды.  

Сотталушы мен мен оның адвокаты бірінші сатыдағы соттың үкімін алып тастауды, оны ақтауды және Жоғарғы сотқа шағым түсіруді сұраған. Алайда облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Баянауыл аудандық сотының жеңіл автокөлік жүргізушісіне қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр зардап шеккендердің үшеуін тасымалдауға санавиация жұмылдырылған болатын. Зардап шеккендердің арасында 52 жастағы Ресей азаматы болды.