Орталық жағалаудағы жұмыстар «Ertis Promenade» іс-шараларына әсер ете ме?
Биылғы жылы орталық жағалаудан бастап Мәшһүр Жүсіп көшесіне дейінгі аумақта жұмыстар жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімі Хасар Хабылбеков өзінің парақшасында тікелей эфир өткізді. Оның мәлімдеуінше, аталмыш аумақтың орталық бөлігін қайта құру жұмыстары жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, Қайырбаев көшесінен бастап Лермонтов көшесіне дейінгі учаске абаттандырылды.
Алдағы уақытта, төсеніштерді, қоршауларды ауыстыру, орнату, бақылау алаңын жөндеу, қайта құру және жарықтандыру ауыстырылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы теміржол көпірінің түсті жарықтандыруы орындалады.
– Барлық жұмыстар «Ertis Promenade» сахнасында өткізілетін жыл сайынғы іс-шаралардың басталуына әсер етпейді. Біз қазір бағдарлама тұжырымдамасымен жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков.
Өткен жылы балалар бассейнін салу, шағын футбол алаңын қайта құру сияқты ірі жобалар іске асырылды.
Сондай-ақ, «Усолка» шағын ауданында қазіргі заманғы эко-парктің (55 га) құрылысын бастау жоспарлануда.
Мұнда пикниктерге, серуендеуге, иттерді серуендеуге арналған аймақтарды, сондай-ақ ағаш отырғызу аймағын бөлетін аумақтарды орналастыру қарастырылған. Аймақтардың бірінде ана мен бала бөлмесі, балалар ойын алаңы, фото аймақ және басқалары бар.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың ауқымды жобаларының бірі – Лермонтов көшесін қайта құрудың басталуы.