Павлодарға ҚР Денсаулық сақтау министрі келеді
Ажар Ғиният 14-15 ақпан күні келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, министр 14-15 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғындарына ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының жетекші дәрігерлерінің кеңестеріне қатысады.
- 14 ақпан күні Ажар Ғиният Бәйет ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктіне барады. Сонымен қатар, Екібастұз қаласының №3 емханасы мен Ақсу қалалық ауруханаға бару жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Ал 15 ақпан күні министр Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде 10.30 – 11.30 Павлодар облысының тұрғындары және азаматтық сектормен кездесу өткізеді. Сол күні сағат 11.30 – 12.30 БАҚ өкілдерімен баспасөз маслихатын және 12.30 – 13.30 азаматтарды жеке қабылдауы күтілуде.
WhatsApp: 87054475252