Павлодар қаласы мәслихаты депутаттарының жасағы жаңарды
19 наурызда Павлодар қалалық мәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сайлаушылардың тізімдеріне 249 473 азамат енгізілді. Дауыс беруге 140 152 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 1457 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны 86 адамды құрады.
Павлодар қалалық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттарының сайлауының қорытындысы бойынша:
№ 1 сайлау округі бойынша – Нурумов Суиндик Хамитович, 1960 туған жылы, "Аида" ЖШС, директоры, Павлодар қ.;
№ 2 сайлау округі бойынша – Жусупова Санира Орынтаевна, 1989 туған жылы, ПҚФ «AMANAT партиясы» ҚБ жауапты хатшысы, Павлодар қ.;
№ 3 сайлау округі бойынша – Андрющенко Ольга Константиновна, 1983 туған жылы, «Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» ҰБА, проректор, Павлодар қ.;
№ 4 сайлау округі бойынша – Столярова Ирина Геннадьевна, 1993 туған жылы, «Profo» ЖШС директоры, Павлодар қ.;
№ 5 сайлау округі бойынша – Аскарова Алия Аскаровна, 1982 туған жылы, «A.R.S.-Ойл» ЖШС директоры, Павлодар қ.;
№ 6 сайлау округі бойынша – Самекова Русана Руслановна, 1999 туған жылы, «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының Павлодар штабы» ҚҚ директоры, Павлодар қ.;
№ 7 сайлау округі бойынша – Хабылбеков Асхат Айтпекович, 1988 туған жылы, «Nomad life» ӨСК» АҚ директоры, Павлодар қ.;
№ 8 сайлау округі бойынша – Даримова Гульжайна Нуркасымовна, 1977 туған жылы, «Royal Triumph» турагенттігінің директоры, Павлодар қ.;
№ 9 сайлау округі бойынша – Кусаинов Серик Ахылбекович, 1987 туған жылы, «Павлодар облысының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ төрағасы, Павлодар қ.;
№ 10 сайлау округі бойынша – Әметов Қазбек Қасымұлы, 1977 туған жылы, «Ертіс Сервис» ЖШС бас директордың орынбасары, Павлодар қ.;
№ 11 сайлау округі бойынша – Яровенко Елена Игоревна, 1981 туған жылы, «Яровенко Е.И.» ЖК директоры, Павлодар қ.;
№ 12 сайлау округі бойынша – Лысенко Людмила Сергеевна, 1994 туған жылы, «Павлодар қаласының бірыңғай есеп айырысу орталығы» ЖШС, директоры, Павлодар қ.;
№ 13 сайлау округі бойынша – Байбулатова Нур–Сауле Ахметовна, 1974 туған жылы, "Шанырак ассоциациясы" ЗТБ төрайымы, Павлодар қ.;
№ 14 сайлау округі бойынша – Пряхин Виктор Петрович, 1975 туған жылы, "СОВИ - КZ" ЖШС директоры, Павлодар қ.;
№ 15 сайлау округі бойынша – Горбачёв Павел Викторович, 1976 туған жылы, "ТАНДЕМ-ПВ" ЖШС директоры, Павлодар қ.;
№ 16 сайлау округі бойынша -Ланглиц Виталий Валерьевич, 1983 туған жылы, "Рубиком" ЖШС зангері, Павлодар қ.;
№ 17 сайлау округі бойынша – Музапарова Мадина Токжановна, 1984 туған жылы, "Крендель" ЖШС бас директоры, Павлодар қ.;
№ 18 сайлау округі бойынша – Айгожина Нургуль Нурлановна, 1989 туған жылы, "Айгожина Н.Н" ЖК директоры, Павлодар қ.;
№ 19 сайлау округі бойынша – Атабаева Гульзира Нуржановна, 1994 туған жылы, «Шағын және орта бизнес қызметкерлерінің Қазақстандық филиалы кәсіподағы» ПОФ төрағасы, Павлодар қ.;
№ 20 сайлау округі бойынша – Кожин Кобланбек Нурмуханович, 1977 туған жылы, «Комаров» ШҚ кеңесшісі, Павлодар қ.;
№ 21 сайлау округі бойынша – Солтанов Муслим Тлектесович, 1973 туған жылы, ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» ҚМК директоры, Павлодар қ.;
№ 22 сайлау округі бойынша – Рахметов Олжас Умирзакович, 1985 туған жылы, «Қазақстан алюминийі» АҚ вице-президенті, Павлодар қ.;
№ 23 сайлау округі бойынша – Желнов Михаил Анатольевич, 1961 туған жылы, "Айсберг–ПВ" ЖШС директоры, Павлодар қ.;
№ 24 сайлау округі бойынша – Абдиев Бауржан Абдималикович, 1979 туған жылы, жұмыс істемейді, Павлодар қ.;
Айта кетейік, мәслихаттың сайлау нәтижелері аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында жарияланды. Дауыс беру қорытындысы аумақтық сайлау комиссияларында шығарылды.