Павлодар облысында бірінші ауысымда сабақтар онлайн өтеді
 
                                    Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Павлодар қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (25 градус аяз) бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Сондай-ақ Ақсу және Екібастұз қалаларында 0-4-сынып оқушылары қашықтықтан оқитын болды.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
    
 
         
         
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
