Павлодар қаласының әкімі көшпелі кездесу өткізуді жалғастырады
Ол тұрғындардың сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
24–28 желтоқсан аралығында қала әкімі Хасар Хабылбековтің және мемлекеттік органдар басшыларының халықпен кездесулері өтеді.
Алғашқы жүздесу 24 желтоқсанда сағат 17:00-де Лесозавод шағын аймағында Баян батыр көшесі, 27 мекенжайында №30 мектепте ұйымдастырылады.
Келесі жиын 25 желтоқсанда сағат 17:00-де Зеленстрой шағын ауданында Ворушин көшесі, 6/2 мекенжайындағы №37 мектепте өтеді.
Жұма күні, 26 желтоқсанда Хасар Хабылбеков Достық шағын ауданының тұрғындарымен сағат 17:00-де Ладожская көшесі, 15/1 мекенжайындағы №48 мектепте кездеседі.
Ал 27 желтоқсанда көшпелі жиын сағат 16:00-де 2-ші Павлодар шағын ауданында Геринг көшесі, 79 мекенжайындағы №18 мектепте басталады.
28 желтоқсанда Усолка шағын ауданының тұрғындарының қатысуымен болатын шара сағат 11:00-де басталады. Ол Майра көшесі, 49/1 мекенжайындағы №25 мектепте өтеді.