Жас инженерлер ғарышқа қадам басады: Павлодарда TechFest көрмесі өтеді

Жас инженерлер ғарышқа қадам басады: Павлодарда TechFest көрмесі өтеді
Фото: pixabay.com / fudowakira0

TechFest техникалық шеберлік көрмесі Космонавтика күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара авиация, ғарыш техникасы және астрофизика саласында өз жұмыстарын көрсететін жас конструкторлар мен инженерлерді жинайды.

– Қатысушылар ұшақтардың, тікұшақтардың, пилотсыз ұшатын аппараттардың модельдерін, сондай-ақ зымыран техникасы, спутниктер мен ғарыш станциялары бойынша жобаларды таныстырады. Сонымен қатар, оқушылар астрофизика бойынша зерттеу жобаларын көрсетеді. Көрменің мақсаты – жас инженерлер мен конструкторларды қолдау, мектеп оқушылары арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту және техника мен ғарышқа қызығатын дарынды балаларды анықтау, – дейді ұйымдастырушылар.

Көрме 11 сәуірде сағат 10:00-де Катаев атындағы Оқушылар сарайында өтеді.