Павлодар ауданында ШҚ 400 га жуық жайылымдық жерден бас тартты

Павлодар ауданында ШҚ 400 га жуық жайылымдық жерден бас тартты

«Жер аманаты» комиссиясы арқылы қайтарылған жерлер сапалы игеріле басталды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Бұл туралы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының Павлодар ауданына іс-сапары барысында анықталды. 

Жұмыс тобының құрамына  облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Айгүл Маликова мен комиссияның мүшелері енді. Сондай-ақ, комиссияның жұмысына Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко қатысты. 

«Жер аманаты» комиссиясының табысты жұмысының арқасында Павлодар ауданы Новочерноярко ауылының тұрғыны Владимир Дзюба 16 гектар жер алқабын пайдалануға алып, қазіргі таңда картоп пен сәбіз егуді қолға алған. 

– Осыған дейін алты жыл бойы басқа шаруа қожалығымен бірге жұмыс істедік. Былтыр  қазан айында конкурсқа қатысып, 25 жыл бойы бұрынғы жер иесімен иегерілмеген жерді мемлекеттен алдық. Бұл жерді толықтай тазалап, жерді емдеп, қалпына келтірдік. Бүгінгі таңда қожалығымда алты адам еңбектенеді. Сіздің комиссияға және жергілікті атқарушы органдарға атқарылыған жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді жас кәсіпкер Владимир Дзюба. 

Павлодар ауданынының әкімі Николай Дычконың айтуынша,  биыл Павлодар ауданы бойынша 15 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.  

– Жергілікті қоғамдастықпен кәсіпкердің өзара іс-қимылының оң мысалдарының бірі Жаңа қала ауылында мал жаю мәселесін шешу болып табылады. Жергілікті тұрғындардың келісімі бойынша және «Жер аманаты» комиссиясы мен жер ресурстарын басқару департаментінің қолдауымен «Жаңа қала ШҚ» ЖШС ауыл тұрғындарының пайдасына 370 га жайылымдық жерлерден бас тартты, – деді аудан әкімі. 

Аудан  бойынша  жалпы ауданы 3451,2 га құрайтын 4 ауылдық округте 7 учаскіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Шақат ауылдық округінде ауданы 553 га құрайтын жер мемлекет еншісіне қайтарылған.