Павлодарлық футболшылардың басты бәсекелесі имиджін өзгертті

Павлодарлық футболшылардың басты бәсекелесі имиджін өзгертті
Фото: Instagram @shakhterfc

Клубтың тарихы бір арнаға тоғысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шахтер» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, қарағандылық команда өзінің логотипін жаңартты. Жаңа эмблема Қарағандының өндірістік сипатын, сондай-ақ жергілікті команданың дәстүрлі реңктерін бейнелейді. Композиция ортасында «Шахтер» құрылған 1958 жылғы ретро доп қойылған.

«Біз клубтың тарихын жасап, жаңа логотипті ұсынып жатырмыз. Логотипті жасау кезінде өңіріміздің барлық ерекшеліктері мен дәстүрлері ескерілді. Бұл логотип жай ғана жаңарту емес. Бұл біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз», - деп жазады клубтың медиа орталығы.

Клубтар арасындағы қарым-қатынас тарихының терең тарихы бар. Павлодар мен Қарағанды командалары 70-ке жуық матч өткізіп, «Ертіс» 37 ойында жеңіске жетсе, 14 ойында кеншілер жеңіске жеткен. Павлодарлықтар қарсыластар қақпасына 100 гол соқса, қарағандылықтар Ертіс жағасындағы қақпашыларды 54 рет қапыда қалдырды.

Тағдырдың жазуымен Қазақстан футболының беткеұстар клубтары «Ертіс» пен «Шахтер» биыл Бірінші лигада өнер көрсетеді. Екі команда да селекциялық жұмыстарды белсене жүргізіп, қазір ел чемпионатына дайындалып жатыр.