Павлодар ауданының полицейлері формаларын ұлттық киімге ауыстырды
Тәртіп сақшылары Наурыз мейрамына орай Ұлттық киім күнін қолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ежелгі заманнан бері 18 наурыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-баба әдет-ғұрыптарын еске алып, Ұлттық киім күні ретінде атап өтіледі. Ұлттық киім Қазақстан мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.
– Мен ауылда туып-өстім, атам мен әжем мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде дәстүрге құрмет көрсетіп, қазақтың ұлттық киімін киіп жүрді, – дейді Павлодар аудандық полиция бөлімінің техникалық құралдар кешенінің меңгерушісі Әлихан Оспанов. – Қазіргі таңда қазақстандық отбасыларда мереке күндері ұлттық костюмдер кию құпталады.
Полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы қазақтың ұлттық қамзолдарында қызмет атқарды. Полицейлер Әлихан Оспанов пен Айжан Тынықбаева ұлттық киіммен ат үстінде дефиле ұйымдастырды.