Павлодар ауылдарының он екі шенеунігіне қоқыс үшін айыппұл салды

Павлодар ауылдарының он екі шенеунігіне қоқыс үшін айыппұл салды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауылдық округтерде қоқыс үйінділері экологиялық стандартқа сай келмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының экологтары Тереңкөл ауданының ауылдық округтерін жоспардан тыс тексеру барысында он екі ауылдық округте қалдықтарды сақтауда заң бұзушылықтарды анықтады. Осы себепті аталған ауылдық округтердің 12 лауазымды тұлғасына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Шенеуніктерді рұқсат етілмеген қоқыс тастағаны үшін емес, бұрыннан бар қоқыс алаңдарында экологиялық ережелерді сақтамағаны үшін жазалауға тура келді.

– Ауылдық полигондардың астындағы жерлері тіркелгенімен, заңды деп санауға болмайды. Заңды полигон – бұл рұқсат көлемі, барлық құжаттары, қоршаулары және ақылы тарифтері бар полигон. Ал қолданыстағы заңнама бойынша ауылдық полигондарды әзірге заңды деп санауға болмайды, – деп түсіндірді мемлекеттік экологиялық инспектор Руслан Темірболатов.

Бірақ, Тереңкөл өңірінде заңды қоқыс үйіндісі жоқ, жаңасы салынғанша тұрғындардың рұқсат етілмеген үйіндіге қоқыс төгуден басқа амалы жоқ.

– Биылғы жылы полигон құру ауылдар мен облыстың қолынан келмейтіндіктен, Баянауыл, Майқайың, Тереңкөл және Ертіс маңында рұқсат етілген полигондарды салу үшін Экология министрлігіне өтінім берілді. Әзірге министрліктен ақпарат жоқ. Өтініш биылғы жылға берілді, өйткені іске асыру мерзімі жеті айды құрайды, – деп түсіндірді эколог.

Ал әзірше қоқыс үйінділерді анықтау, тәртіп бұзушылардың әрекетіне жол бермеу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерді жою жұмыстары жүргізілуде.