Павлодар автокөлік өртке оранды

Павлодар автокөлік өртке оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

От көліктің қозғалтқыш бөлігінен басталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 101 пультіне автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.

Өрт сөндірушілер келген кезде автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және өртке әкелуі мүмкін ақауларды дер кезінде жоюға шақырады.