Павлодар бағытындағы тағы бір жол жабылды

Павлодар бағытындағы тағы бір жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райы күрт бұзылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

6 ақпан күні сағат 19:00-де республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырымдар аралығында, нақтырақ айтқанда Ақмола облысының шекарасынан Атамекен ауылына дейінгі кесіндіде көлік қозғалысына тыйым салынды, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Жолды 7 ақпан сағат 8:00-де ашу жоспарланған.