Павлодар облысы ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жоспарын сәтті орындады
Бұл жер ресурстарын басқарудың жүйелі жұмысын көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәліметінше, «Жер Аманаты» өңірлік комиссиясының отырысында ағымдағы кезеңдегі жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Іс-шараға комиссия төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко, мәслихат депутаттары, жер ресурстарын басқару департаментінің, жер қатынастары басқармасының, облыс прокуратурасының және аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Мәселен, комиссияда есепті кезеңде аймақ ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарын сәтті орындағаны атап өтілді. Облыс қалалары мен аудандары жоғары нәтижелерге қол жеткізді, бұл жер ресурстарын басқарудың жүйелі жұмысын көрсетеді. Алайда, отырыс барысында өзекті мәселелер де атап өтілді: бірқатар жерлерді пайдаланбау туралы құжаттамалық растамалардың болмауы және жекелеген көрсеткіштерді орындамау тәуекелдері.
Негізгі мәселелердің бірі ел Президенті айтқан жер учаскелерін қайтарып алу саясатын талқылау болды. Бас прокуратура адал пайдалану критерийлерін әзірлеуге қатысады.
Бұдан басқа, бұрын алынып тасталған жер учаскелерін өтеусіз беру туралы бап өңірлерге жерді тиімдірек бөлуге мүмкіндік берді, бұл қазірдің өзінде учаскелерді қайтару көлемінің ұлғаюына әсер етті.
Отырыста келесі жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттары бекітілді. Атап айтқанда, облыс аудандарына көшпелі тексерулер жүргізу көзделген. Сондай-ақ, жермен жасалатын барлық операциялардың кұжаттамалық расталуын бақылауды күшейту және департаменттің инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі жоспарларын қайта қарау ұсынылды.
– Біздің ұсыныстарымыз Ауыл шаруашылығын дамытуға және жұмыс орындарын құруға инвестиция салуға дайын кәсіпкерлер үшін жағдай жасауға бағытталған, – деп атап өтті Илья Теренченко.
Айта кетерлігі, пайдаланылмаған учаскелерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Мұндай жерлер бойынша материалдар одан әрі зерделеу үшін мемлекеттік тізілімге жіберілді.