Павлодар облысы мәслихаты депутаттарының есімдері белгілі болды
Аталмыш орынға аймақтан 49 адам үміткер болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясында бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша өңірлік мәслихат депутаттарын сайлау нәтижелері жарияланды.
19 наурызда өткен сайлауда дауыс беру қорытындысы бойынша мәслихатқа 16 адам өтті. Олар:
№1 сайлау округі бойынша 61 жастағы Қанат Сатабаев, "Қазақстан Темір Жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ директорының орынбасары — Павлодар магистральдық желі бөлімшесі";
№ 2 сайлау округі бойынша 34 жастағы Айдар Құрымбаев, кәсіпкер;
№ 3 сайлау округі бойынша 48 жастағы Света Абдраманова, облыстық кардиологиялық орталық бөлімшесінің меңгерушісі;
№4 сайлау округі бойынша 48 жастағы Арман Мұсабеков, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың директоры.
№5 сайлау округі бойынша 42 жастағы Асылбек Туғанбай, "KAZWET Solution"ЖШС атқарушы директоры;
№6 сайлау округі бойынша 42 жастағы Мирас Хамитов, "ПМХЗ" ЖШС жетекші инженер-энергетигі,"мұнай өңдеуші" жергілікті кәсіподағының төрағасы;
№7 сайлау округі бойынша 61 жастағы Байғабыл Майкотов,"Павлодар және Павлодар облысының Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері" ҚҚ төрағасы;
№8 сайлау округі бойынша 38 жастағы Ержан Ерсаев, Екібастұз Б.Нұржанова атындағы МАЭС-1 бас директоры.
№9 сайлау округі бойынша 60 жастағы Исламбек Күлтұманов,"Гидропром" ЖШС директоры;
№10 сайлау округі бойынша 38 жастағы Арман Рахмашев, "Қызыл-Тау"ЖШС директоры;
№11 сайлау округі бойынша 50 жастағы Александр Толмачев, "Богатырь Инвест" ЖШС директоры;
№12 сайлау округі бойынша 58 жастағы Рустам Мазғұтов, "Павлодар жолдары"ЖШС Бас директоры;
№13 сайлау округі бойынша 51 жастағы Калауиден Ибрагимов, "Мадина" ШҚ басшысы,"Ибрагимов"ЖК басшысы;
№ 14 сайлау округі бойынша 42 жастағы Серік Жартыбаев, Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы;
№15 сайлау округі бойынша 54 жастағы Гүлмира Нұрханова, "Нұрханова"ЖК басшысы;
№16 сайлау округі бойынша 61 жастағы Нағимаш Жүсіпова, № 5 арнайы мектеп-интернатының дефектологы.
Партиялық тізімдер бойынша облыстық мәслихатқа бес саяси партияның өкілдері өтті. Олар сайлаушылардың бес және одан да көп пайызын алды. "AMANAT" партиясында тоғыз орын, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясында, "Respublica" партиясында және "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясында екі орын бар. Бір орын Қазақстан Халық партиясы.