Павлодар облысында МӘМС жарнасы бес есеге ұлғая ма?
Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ облыс бойынша филиалының директоры Жангелді Шайымбетов мәлім етті.
– 2025 жылдан бастап жоғарғы шекті ЕТЖ (ең төменгі жалақы) мөлшерінен 10-нан 50 есеге дейін арттыру ұсынылады. Бұл 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-на ғана әсер етеді. Жалдамалы жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді, – деді Жангелді Шайымбетов.
Оның сөзінше, жарналардың өсуі адамдардың жалақы деңгейіне байланысты. Табысы 4,2 миллион теңгеден жоғары екі-үш мың қызметкер үшін немесе жұмыскерлердің 0,04%-да ғана бес есеге ұлғаяды.
Табысы төмен адамдар үлкен табыс алатындардан артық төлемеуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған норма – жоғарғы шекті 50 ЕТЖ дейін ұлғайту денсаулық шығындары үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.