Павлодар облысы орталық мемлекеттік органдарға аз шағымданатын өңірлер қатарында

Павлодар облысы орталық мемлекеттік органдарға аз шағымданатын өңірлер қатарында
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарды негізінен коммуналдық және әлеуметтік мәселелер толғандырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігіндегі өткен аппараттық жиында мемлекеттік органдар өтініштермен қалай жұмыс істейтіні талқыланды. Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраевтің айтуынша, тұрғындар мемлекеттік органдарға жолдайтын өтініштер құрылымында нақты сұрақтар басым.

Ағымдағы жылдың сегіз айында павлодарлықтардан мемлекеттік органдарына 61 мың өтініш келіп түсті, оның тең жартысы жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға артық. Мұның барлығы қарқынды цифрландыруды есепке ала отырып, адамдар заманауи технологиялардың артықшылықтарын белсенді қолдануымен байланысты. Барлық өтініштер «Е-өтініш» бірыңғай республикалық ақпараттық жүйесіне келіп түседі.

– 20 облыс бөлінісінде қабылданған өтініштер саны бойынша біздің өңір 13-орында, өтініш берушілердің белсенділігі бойынша – 15-орында, – деп атап өтті Дидар Ибраев

Мәселелердің негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық мәселелерге қатысты – 38 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары және денсаулық сақтау бойынша өтініштер 30 пайызды құрайды. Өтініштердің тағы 13 пайызы – білім беру бойынша және 11 пайызы – жерді пайдалану және кәсіпкерлікке қатысты болды. Баяндамашы әлеуметтік сала, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша өтініштердің өскенін атап өтті.

Өтініштердің жартысынан көбі оң шешімін тапты, тоғызы сотта жолданды. Сотта алты іс мемлекеттік органдардың пайдасына шығарылды. 

– Бұл өтініш берушілердің алынған жауаптарға және жергілікті деңгейде мәселелерді шешуге қанағаттану деңгейін көрсетеді, – деді Дидар Ибраев. – Павлодар облысы орталық мемлекеттік органдарға аз шағымданатын өңірлер тізбесіне кіреді.

Облыс тұрғындарынан сұрақтар жазбаша өтініштермен қатар әлеуметтік желілер, Whatsapp, Instagram мессенджерлері, соның ішінде облыс әкімінің жеке парақшасы арқылы да келіп түседі. Парақшаларға жіберілген 17 782 мәселенің 80 пайызға жуығы оң шешімін тапты, қалғандарына түсініктемелер берілді.

Облыс басшылығы мен түрлі ведомстволардың қатысуымен жеке қабылдаулар аймақ тұрғындардың сұранысына ие. Кездесулер облыс әкімдігінің ғимаратында орналасқан азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығында өтеді. Осындай қабылдаулар қалалар мен аудандарының әкімдіктерінде де өткізіледі.

Президент Әкімшілігі азаматтардың өтініштерімен жұмысты бағалаудың жаңа пилоттық жүйесін енгізді. Онда мемлекеттік органдардың ашықтық индексін бағалау бойынша Павлодар облысы бірінші орында тұр, – деді Дидар Ибраев.

Облыс әкімі Асайын Байханов өңір тұрғындарын абаттандыру мен құрылыстың аяқталу маусымы – жолдар мен көшелерді жөндеу, балалар алаңдарын орнату, мектептерді жөндеу, қоғамдық көліктердің жұмысы толғандыратынын атап өтті. Аталмыш саладағы мәселелер қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ ведомстволардың басшылары бақылауда ұстауы тиіс.