Павлодар облысының әкімдігі мемлекеттік қызметке шақырады

Қатысу үшін ел азаматтары мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сай болуы қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік қызмет тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерден бөлек, білім мен тәжірибені жетілдіріп, елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Жауапкершілігі жоғары, командада жұмыс істей алатын және қоғамның мүддесіне қызмет етуге дайын кандидаттар ізделуде.
Мемлекеттік қызметке кіру үшін eqyzmet.gov.kz порталында тіркеліп, қызметтік тізімді толтыру, заңнамалық актілер бойынша тестілеуден өту және конкурсқа қатысу қажет.
– 2025 жылдың 1 маусымынан бастап тестілеу тек Windows операциялық жүйесінде жүзеге асырылады. Сондықтан үміткерлерден техникалық талаптарға сай келетін жабдықты дайындау сұралады. Тестілеуден өту үшін веб-камерасы, микрофоны бар және интернет жылдамдығы кемінде 5 МБ/с болатын компьютер немесе ноутбук болуы тиіс. Тестілеу кезінде прокторинг жүйесі қадағалауды қамтамасыз етеді. Ережелерді бұзған жағдайда, тестілеу нәтижесі жойылады, – делінген порталда.
Тестілеуге жазылу egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Толық ақпаратты EQYZMET (eqyzmet.gov.kz) порталынан білуге болады.
Қосымша мәлімет алу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне 8 (7182) 20-85-06 немесе Павлодар облысы әкімінің аппаратына 8 (7182) 66-36-56 телефондары арқылы хабарласуға болады.