Железин ауданында майлы дақылдарды өсіруге басымдық беріледі
Ауданда 275 мыңға жуық гектар егістік жерлер бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 50 пайызы аяқталған, қалған елу пайызы маусым айынының 5-6 аяқталады. Железин ауданында 275 мыңға жуық га егістік жерлер бар, оның басым бөлігіне бидай алып жатыр, сонымен қатар қатар майлы дақылдарды өсіруге басымдық берілген.
– Бүгінгі таңда әсіресе майлы дақылдарға баса назар аударылады. Себебі, нарықтағы бағасы жоғары әрі пайдасы да көп. Сондықтан осы бағыттағы инфрақұрылымды дамыту жобаларымен таныстым, – деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Железин ауданы бойынша 4,5 миллиард теңгеге 90-ға жуық әртүрлі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішіндегі шағын жобалар – абаттандыру, жол құрылысы, мектептер мен мәдениет үйлерді, медициналық нысандарды күрделі жөндеу жұмыстары.
– Жалпы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бүкіл жұмыстарды жаздың аяғына дейін аяқтауды тапсырдым. Жергілікті әкімдерді өзім жеке келіп бақылаймын, – деді аймақ басшысы.
Еске сала кетейік, облыста көктемгі дала жұмыстарына шаруаларға 25,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі мың тоннаға артық. Бүгінгі таңда облыс диқандарымен 23 мың тоннаға келісімшарт жасалып, 15,4 мың тоннасы төленіп, 13,7 мың тоннасы жөнелтілді.
Өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы алты миллиард теңгеге жуық субсидия бөлінді. «Бәйтерек» ҰБХ АҚ ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен жинауға жалпы сомасы 12,3 миллиард теңгені құрайтын 284 несие берді.