Павлодарлықтар Шәкен Аймановтың сахналық костюмдерін тамашалады
«Ertis» мұражайында қазақ кинематографының негізін қалаған Шәкен Аймановты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлнәр Нұрахметованың айтуынша, мұражай қорында Шәкен Аймановтың бірнеше заты сақталған.
– 90-жылдардың басында музейге арналған экспонаттар үшін Алматы қаласында орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы театрға арнайы бардым, – деп еске алды ол. – Ұзақ уақыт бойы театрдың бас режиссері Әзербайжан Мамбетовпен жолыға алмадым.
Гүлнәр Нұрахметованың табандылығының арқасында Павлодарда Шәкен Аймановтың Отелло, Петруччио және Ақан серінің рөліндегі үш сахналық костюмі сақталған.
Іс-шараға қатысушылар Шәкен Аймановтың өмірбаянының негізгі кезеңдеріне, кинокартиналарының кейіпкерлерімен бірге түсірілген фотосуреттерге арналған деректі фильмді көріп қана қоймай, туыстарының естеліктерін тыңдады.
Ақын Мәдина Музафарованың айтуынша, Шәкен Айманов балаларды қатты жақсы көрген, жылы шырайлы адам болған. Шығармашылық өмірінде 14 фильм түсірген. Сондай-ақ, 20-дан астам кейіпкерді ойнады.