Павлодар облысынан 250-ден астам шетелдік елден шығарылды

Павлодар облысынан 250-ден астам шетелдік елден шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға елге қайта кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл көші-қон қызметі сегіз мыңға жуық шетелдікті уақытша тіркеді. Олар жұмыс, жеке мақсаттар, оқу және өзге де мақсаттар үшін келеді. 

– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін алты мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1823 шетелдік. Сот 269 шетелдік азаматты Қазақстан аумағынан шығару туралы қаулы шығарды. Оларға біздің елге кіруіне тыйым салынды,– деді облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Александр Кузьменко.

Сондай-ақ, іздестіру іс-шаралары барысында 246 алимент төлеуден қашып жүрген адам анықталды.

Айта кетейік, биыл облыста 1083 шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат берілді.