Павлодар облысында қаңтардың ортасында ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді
Аптаның соңына дейін боран соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 14 қаңтарда жауын-шашынсыз, облыстың солтүстігінде, шығысында тұманды ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -3...-8°С-ты көрсетеді.
15 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, боран соғып, тұманды болады. Ауа температурасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -3...-8°С-қа дейін суытады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14 метрге, екпіні 15-20 метрге, ал облыстың батысында, солтүстігінде кейде 23-28 метрге дейін жетеді.
16 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -1...-6°С-ты көрсетеді.
17 қаңтарда да қар, боран, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -1...-6°С суық болады.
Сенбіде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -2...-7°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -2...-7°С, ал күндіз 0...-5°С болады.