Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 0…+5 градус аралығында болады. Өңірдің шығыс аумағында 3 градусқа дейін салқын түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3…+8 градусқа дейін көтеріледі.
Павлодар қаласында жауын-шашын болжанбайды, тұман түсуі мүмкін.
Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +6…+8 градус болады.