Павлодар облысында қар мен бұрқасын күтіледі

Павлодар облысында қар мен бұрқасын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер өңірдің бірнеше бөлігінде ауа райының күрт нашарлайтынын ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап 23 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін өңірде дауылды ескерту жарияланды. 

23 желтоқсанда облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады деп күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.