Павлодарда автобус маршруттарының қозғалыс схемаларын уақытша өзгертті
Ломов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов көшесінің солтүстік жағының жабылуына байланысты Абай көшесінен М. Жүсіп көшесіне дейін № 5, 57, 003 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді.
- № 5 автобус маршруты Ломов көшесімен шығыстан батысқа қарай бағытта жүріп, Абай көшесіне оңға бұрылады, одан әрі Ак. Шөкин көшесіне солға қарай шығады және оңға қарай Ак. Сәтбаев көшесіне бұрылады. Батыстан шығысқа қарай Ломов көшесімен жүру кезінде маршруттың сызбасы өзгермейді.
- № 57 автобус маршруты Н. Назарбаев даңғылымен оңтүстік бағытта жүргенде тура қозғалады, одан әрі Амангелді көшесіне бұрылып, М.Жүсіп көшесіне солға қарай шығады. М. Жүсіп көшесі бойымен солтүстік бағытта қозғалыс кезінде қозғалыс сызбасы өзгермейді.
- № 003 шағын класты автобус маршруты Ломов көшесімен шығыстан батысқа қарай жүріп, Абай көшесіне солға бұрылып, М. Жүсіп көшесіне солға қарай шығады. М. Жүсіп көшесі бойымен солтүстік бағытта қозғалыс кезінде қозғалыс сызбасы өзгермейді.
Сонымен қатар, қоғамдық көлік аялдамалары ретке келтірілуде.
– «Коммунсервис» КММ жұмыс топтары кәсіпорынның есебіндегі 450-ден астам аялдама павильондарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде, – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аялдамаларды ағымдағы жөндеу, жуу, бояу жұмыстары жүргізілуде.