Павлодар облысында қайтарымсыз гранттар берудің талаптары өзгерді
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жаңа қағидаларды жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берудің жаңа қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері және «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар:
- Мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру (оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы/жылжымайтын мүлік;
- Жаңа жұмыс орындарын құру;
- Кәсіпкердің бизнес-жобасында жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымның болуы немесе құрылуы көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
Ол үшін жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама, 3 жылдан аспайтын мерзімге «Бастау Бизнес» оқыту сертификаты, қоса қаржыландыруды растау кемінде 20%, «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының финалист мәртебесін растау құжаттары керек.
Қосымша ақпарат алу үшін 32-33-82, 32-33-21, 66-03-11 телефондары арқылы хабарласуға болады. Конкурс қыркүйек айына жоспарланған. Kezekte.kz сайтында өтінім беруге болады.