Павлодар облысында қазанның соңғы аптасында жылы күндер күтіледі

Павлодар облысында қазанның соңғы аптасында жылы күндер күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 29 қазанда жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы түнде -2...-7°С, облыстың оңтүстігінде +1°С, ал күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді. 

30 қазанда да күн ашық болады. Ауа температурасы түнде -2...+3°С, облыстың шығысында -5°С, ал күндіз +12...+17°С-қа дейін көтеріледі. 

31 қазанда жауын-шашынсыз болмақ. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +12...+17°С-ты көрсетеді.

1 қараша күні түнде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1...+6°С, ал күндіз +6...+11°С болады.