Демалыс маусымы ашық! Балабақшалар жаңа кейіпке енеді. Сала алға басуда

Демалыс маусымы ашық! Балабақшалар жаңа кейіпке енеді. Сала алға басуда

«Saryarqa samaly» газетінің 20 маусым, сейсенбілік нөміріне аңдатпа ұсынамыз 

Тұмса табиғатымен талайларды таңғалдыратын Баянауыл ауданының қысы да, жазы да туризм саласын дамытуға сұранып-ақ тұрған аймақ. 17 маусым күні мұнда жазғы демалыс маусымы ресми түрде ашылды. Туризм саласын дамытуға, демалуға келген туристерді жан-жақты қызықтыруға жылдан жылға мән беріліп, курортты аймақта жаңашылдықтар орын алуда. Десе де сервистік қызмет әлі де жақсартуды қажет етеді. Тілшіміз ажарлы аймаққа арнайы барып, демалыс орындарындағы қызмет сапасы туралы біліп қайтты. Толығырақ сейсенбілік нөмірден оқи аласыздар. 

Өңірде көптен бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген балабақшалар баршылық. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердегі бұл мәселе біртіндеп оң шешімін табуда. Тек осы жазда облыс орталығындағы 3 балабақша ғимаратының іші-сырты толығымен жаңартылады. Шаһардағы қандай сәбилер бақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы толығырақ білгіңіз келсе, сейсенбілік нөмірді жіберіп алмаңыздар. 

«Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде өңірімізде 30 медициналық нысан салынды. Соның аясында алдағы уақытта Ертіс ауданының Қарақұдық және Қызыл ағаш ауылдарында медициналық пункт бой көтереді. Тілшіміз Ертіс ауданына арнайы барып, ақ желеңді абзал жандардың жұмысымен танысып қайтты. 

Сондай-ақ, сейсенбілік нөмірде «Дода», «Шипагер», «Сақшы» арнайы беттері мен аймақтағы өзге де өзекті оқиғалар туралы материалдар топтамасы жарияланады. Бізбен бірге болыңыздар!