Павлодарлықтарға алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес беріледі
Өңірде дауылды ескерту сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» болжамдарына сәйкес ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды және республикалық маңызы бар автожол жүк және қоғамдық автокөлік үшін Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында қозғалыс шектелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.
ТЖМ: дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Айта кетейік, 2 қантарда Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін күтіледі. Ал Павлодарда бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.