Павлодар облысында үздік заңгерлер кеңес өткізеді

Павлодар облысында үздік заңгерлер кеңес өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

31 қазанда Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық акциясы басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік орган өкілдері, жетекші заңгерлер, ҚР адвокаттары халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетеді.

–  Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз, – деді Павлодар облысының әділет департаментінде.

Облыс орталығында «Халық заңгері» акциясы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 мекенжайында орналасқан «Достық үйі» ғимаратында сағат 11:00-де және Халыққа қызмет көрсету орталығында өтеді.

Бұдан бөлек іс-шара Атамекен ауылының қоғамдық орталығы, Екібастұзда «ONER» мәдениет үйі, Ақсуда «Аксу MALL», Ақтоғай ауылының әкімдігі, Май ауданы «Аманат» партия ғимараты, Ертіс, Аққулы, Тереңкөл, Железин аудандарының мәдениет үйлерінде, Баянауыл, Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарының халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылады.