Павлодар облысында өгей әке 15 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді

Павлодар облысында өгей әке 15 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқушы қыздың сынып жетекшісі арқылы факт туралы белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат жарияланды. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.

–    Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі туралы анықталды. Күдікті өгей әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта қыз ауруханаға жатқызылды. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр,– деді Сәуле Шәкенева.

Облыстық полиция департаментінде зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.