Павлодар облысында 40-тан аса мемлекеттік қызметші шамадан тыс жұмыс істеген

Оларға тынығу сағаттары берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті бірінші тоқсанында қабылданған кешенді іс-шаралар нәтижелерімен 96 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.
Мысалы, мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу кезінде 42 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқықтары қорғалып, оларға тынығу сағаттары берілді.
Көрсетілген заңбұзушылықтар үшін ауылдық округтердің жеті әкімі және аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары ҚР ӘҚБтК 89-бабының 1-бөлігі бойынша (Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департаментпен жүргізілген мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарын өтеу мәселелеріне қатысты талдау нәтижесінде 36 мемлекеттік қызметшіге 3,7 миллион теңгеден астам көлемдегі іссапар шығындары төленді.