Павлодар облысында адамды өзенге батырған ағайындар сотталды
Олар ауыр қылмысқа жәбірленушіге үйдің құнын төлемеу үшін барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық іс қаралды.
– Ағайынды К., 2022 жылдың 19 қарашасында , жәбірленуші Ж.-дан сатып алынған үйдің құнын төлемеу бойынша өздері алдын ала сөз байласты. Олар пайдакүнемдік ниетпен жәбірленушіні Железин ауданы Пятерижск ауылындағы өзен өткеліне апарып, оның қолын байлап, денесіне салмағы 16 килограмм гіртасын байлап, өзенге батырып жіберген, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қ.А.-ның үйін тінту кезінде старттық тапанша мен атыс оқтары табылды.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.
– Сот жеңілдететін мән-жайларды – оң мінезделуін, К.А. мен К.Д.-ның асырауларында жас балалардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, заң талаптары шегінде К.А.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ал К.Д.-ға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады, – дейді баспасөз орталығында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.