Павлодарда жүзге жуық ата-ана жауапқа тартылды
Олар түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған балаларды бақылаусыз жіберген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері Павлодар облысында 82 кәмелетке толмаған бала ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта серуендегені белгілі болды. Олардың түнгі серуендері үшін заңды өкілдері жауапқа тартылып, ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
- Күн сайын ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың компьютерлік клубтарда және ойын-сауық орындарында, сондай-ақ тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу мақсатында рейдтер жүргізеді. Тек Павлодар қаласында жыл басынан бері жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуының 5 фактісі және 32-сі тұрғын үйден тыс жерде болған. Ата-аналар мен мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Павлодар қаласы ПБ ювеналдық полиция аға инспекторы Рада Прохорова.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда болуын реттейтін заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ олардың осы мекемелерде болу шарттарына басты назар аударылды. Мекеме иелерімен заңнаманы қатаң сақтау және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бермеу қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
- Мысалы, Торайғыров көшесіндегі барлардың бірінде түнде кәмелетке толмаған бала болған. Мекеменің иесі мен ата-анасына қатысты әкімшілік материал толтырылды. Жасөспіріммен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді және белгіленген ережелерді бұзудың ықтимал салдары түсіндірілді, - дейді мамандар.
Тәртіп сақшылары мұндай рейдтік іс-шаралар профилактикалық сипатта болатынын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.