Павлодар облысында аптаның соңына дейін жаңбырлы болады

Павлодар облысында аптаның соңына дейін жаңбырлы болады
Фото: pexels.com

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 қазанда түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -1...+4°С, ал күндіз +5...+10°С жылы болады. 

23 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, ал күндіз +7...+12°С-ты көрсетеді. 

24 қазанда түнде қар мен жаңбыр жауады, сондай-ақ, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +7...+12°С жылы болады.

25 қазанда да жауын-шашын түседі. Сынап бағанасы түнде +2...+7°С, ал күндіз +7...+12°С-ты көрсетеді. 

Сенбіде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+7°С, ал күндіз +7...+12 °С-қа дейін жылынады. 

Жексенбіде түнде қар мен жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +3...+8°С-ты көрсетеді.