Павлодар облысында аптаның соңында күн суытады
Жауын-шашын аз түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 19 қарашада ауа температурасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -3...+2°С жылы болады.
20 қарашада күндіз облыстың оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -3...+2°С көрсетеді.
21 қарашада көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -1...-6°С, ал күндіз облыстың солтүстігінде -10°С-қа дейін суытады. Күндіз -2...+3°С жылы болмақ.
22 қарашада облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де 0...-5°С көрсетеді.
Сенбіде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -15...-20°С-қа дейін суытады, ал күндіз -7...-12°С болады.
Жексенбіде күн ашық болады деп күтілуде. Сынап бағанасы түнде -15...-20°С, ал күндіз -2...-7°С көрсетеді.