Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
К.Шелковтың иллюстрациялық суреті

Облыс орталығындағы жәрмеңкеге 4 ауданның өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласында 31 қаңтарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. 

- Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты, Тереңкөл аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, - делінген хабарламада.

Сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалалары, сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады. 

Павлодар қаласында Торговая көшесі, 2А құрылысында орналасқан «Жайлау» базарында өтеді.