Павлодар облысында автокөлік ұрлықшыларына ерекше көңіл бөлінеді

Павлодар облысында автокөлік ұрлықшыларына ерекше көңіл бөлінеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Заңды бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтардан бастап өңірде «Автомобилист»  жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап кетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту. 

– Ұрланған автокөлік және қосалқы бөлшектерді анықтау мақсатында гараж кооперативтерін, жеке автокөлік шеберханаларын,ТҚО, автотұрақтар мен автодүкендерді тексеру ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларымен ұрланған автокөліктерді сату орындарын анықтау, бөлшектеу және көлік құралдарының агрегаттық деректерін өзгерту жұмыстарын жүргізуді анықтау тексерілуде.

Профилактикалық іс-шара 27 қаңтарға дейін жалғасады.