Павлодарда заңсыз арақ-шарап өнімдерін жасайтын цех анықталды

Павлодарда заңсыз арақ-шарап өнімдерін жасайтын цех анықталды
Фото:pixabay.com

316 литр суррогат алкоголь өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ бойынша жүйелі негізде қызметпен темекі өнімдері нарығына мониторинг жүргізілуде. Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерік Есеновтің сөзінше, биыл қыркүйек айында павлодарлық тұрғынға қатысты заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру жөнінде тергеу басталды. 

– Ол «Қазақстан «Бахус» брендімен белгілі коньяк және «Finsky ICE» брендімен таратылатын арақты өндірген. Тергеу барысында жасырын цехтан  316 литр суррогат алкоголь өнімдері тәркіленді,– деді Ерік Есенов. – Жалпы табылған ішімдік денсаулыққа өте қауіпті, себебі өндірілген жерінде антисанитария өршіп тұрды.  

Қылмыстық Кодексінің баптары бойынша тергеу жүргізілуде. Іс сотқа жіберілді. Соттың шешімі бойынша тәркіленген ішімдік жойылады немесе денсаулық сақтау мекемелерге дезинфекциялық құрал ретінде пайдалану үшін беріледі.