Павлодар облысында балалардың қатысуымен болатын жол апаттары көбейді

Павлодар облысында балалардың қатысуымен болатын жол апаттары көбейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәмелетке толмаған төрт жасөспірім жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. Азамат Күркебаевтың айтуынша, биыл балалардың қатысуымен 182 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 200-ден астам бала жарақат алып, төрт бала көз жұмған. Өткен жылы көрсеткіш төменірек болған – 159 апат, екі бала қаза тауып, 180 бала әртүрлі жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңінде 159 апат тіркеліп, екі бала қаза тапқан еді. Биылғы өсім Бас прокуратураның бұйрығына енгізілген өзгерістермен байланысты.

– Енді барлық жол-көлік оқиғасы есепке алынады. Жәбірленуші денсаулығына зиян келмесе де, егер ол медициналық мекемеге жүгінсе, ол жағдай статистикаға енгізіледі, – деді ол.

Жол-көлік апаттарының алдын алу үшін қала ішінде жылдамдық сағатына 60 километр шегінде шектеледі. Апат жиі орын алатын көшелерге қосымша бейнекамералар орнатылып, Павлодар, Ақсу және Екібастұзда «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып, жол ережесін бұзу деректерін тіркеу мүмкіндігі артты. Полиция өкілдері тұрғындарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырып, балалардың қауіпсіздігі ең басты құндылық екенін ескертті.