Павлодар облысында балаларды жол апатында зардап шегу фактілері жиіледі
Стационарға орташа және ауыр жарақат алған науқастар жиі түсуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жыл басынан бері 265 бала түскен, ал былтырғы жылдың ұқсас кезеңінде 203 бала болды. Зардап шеккендердің 40%-ы жолдан өткен кезде жарақат алған.
– Бұрын жансақтау бөліміне екі-төрт баладан түсетін, қазір олардың саны алтыға дейін өсті, – дейді нейрохирург дәрігер Талғат Қасымбеков. – Соңғы уақытта орташа және ауыр дәрежедегі алған жарақаттармен стационарға жатқызылған науқастар жиілеп кетті. Мысалы, үш күнде апаттан зардап шеккен бір баладан жеткізіледі.
Дәрігер бұл жағдайларды жолдағы көліктердің көбейіп кеткенімен және бала санының өсуімен байланыстырып отыр. Биыл екі бала ауыр жағдайға тап болған, дәрігерлер біреуінің өмірін сақтап қала алмады. Көлік Қалқаман-Екібастұз тас жолында аударылып қалған. Зардап шеккендер көп уақыт бойы оқиға орнында болып, көп қан жоғалтқан.
Әдетте, кішкентай науқастарды бірнеше органның аралас жарақаттарымен қабылдау бөліміне әкеледі. Талғат Қасымбековтың сөзінше, жолаушылар үшін көлікте қауіпсіз орын болмайды.
– Белдік тақпаған немесе ата-анасының қолында отырған балалар жол апаты кезінде ауыр жарақат алуы мүмкін, – деп атап өтті дәрігер.
Нейрохирург балаларға арналған орындықты пайдаланудыға және жолда жылдамдық режимін сақтауға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда 13 қыркүйек күні Торайғыров - Бұқар жырау көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі қызды «Lada Granta» көлігі қағып кеткен. Салдарынан жарақат алған тұрғындарды жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен.