Павлодар облысында барлық жолдар бойынша қозғалыс ашылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Боран, көктайғақ, жолдағы көрінудің нашарлауына байланысты Қазақстан бойынша 20-дан астам жол учаскесі жабылған болатын.
Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс екі учаскеде шектелді: Шідерті кентінен облыс орталығына дейін Қызылорда — Павлодар тас жолында, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін Астана — Ерейментау — Шідерті тас жолында.
«Қазавтожол» мәліметтері бойынша, жолдардағы жағдай жақсарды, трассалар жүк және қоғамдық көліктер үшін ашық.