Павлодар облысында бруцеллез және құтырманың алдын алу бойынша онкүндік өтеді
Іс-шаралар ветеринарлық қызметпен бірлесе өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде күйдіргі, бруцеллез және құтырма ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өтеді.
2024 жылғы 26 ақпан - 6 наурыз аралығында ұйымдастырылатын шараның мақсаты – профилактикалық, эпидемияға қарсы және эпизоотологияға қарсы іс-шараларды күшейту.
Іс-шаралар ветеринарлық қызметпен бірлесе өткізіледі, медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары, тұрғындар арасында жиындар, теледидар мен радиода сөз сөйлеу, дәрістер мен сұхбаттасулар жоспарланып отыр. Облыс тұрғындарына алдын алу шараларын түсіндіретін, қандай да бір ауру туралы баяндайтын ақпараты бар жадынамалар мен буклеттер таратылады.