Павлодар облысында буллингке қатысты қанша жолданымдар түсті?

Павлодар облысында буллингке қатысты қанша жолданымдар түсті?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бес лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ортасындағы буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «e-Otinish» жүйесіне түскен азаматтардың жолданымдарына талдау жүргізді.

2025 жылдың басынан бастап білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерде психологиялық қысымға, оқушылар арасындағы қорлау көріністеріне және балаларға тиісінше қарамауға қатысты мыңнан астам жолданым тіркелді.

Талдау нәтижелері бойынша жекелеген жағдайларда уәкілетті органдар азаматтардың жолданымдары бойынша уақтылы шаралар қолданбағаны анықталды. Атап айтқанда, қалалық лагерьге қатысты ата-аналардың ұжымдық жолданымдарының бірі бойынша лауазымды тұлғалар құзыретті органдарды хабардар ету жөніндегі міндеттін орындамады.

Бұдан басқа, Екібастұз қаласының мектептерінің бірінен келіп түскен жолданымды қарау барысында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселелері бойынша шағымды санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың уәкілетті органына қайта бағыттамау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Жүргізілген қадағалау жұмысының қорытындысы бойынша бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтарға жол берген мекеменің басшысы мен қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс департаменттің тұрақты бақылауында. Алдағы уақытта алдын алу шараларын нығайту және азаматтардың жолданымдарына уақтылы ден қою үшін уәкілетті органдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі жүйелі қызмет жалғастырылатын болады.