Павлодарлықтардың мобильді аударымдарына шектеу енгізіледі
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қаңтардан бастап мобильді ақша аударымдарына шектеу қойылады.
– Мобильді аударымдардың жалпы саны ғана емес, көлемі де есепке алынады. Аударымды бақылау бойынша өлшемшарт белгіленген, – делінген хабарламада.
Өлшемшарттың көлемі – 255 мың теңге. Яғни, бір айда 100 немесе одан көп мобильді аударым арқылы 255 мың теңге төлем жасалса, жасырын бизнеспен айналысады деген сөз.
Кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заң бұзушы бір жыл ішінде қайта ұсталса,айыппұл мөлшері 30 АЕК-ке дейін өседі.