Павлодар облысында бірнеше республикалық жол учаскесі жабылды

Павлодар облысында бірнеше республикалық жол учаскесі жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райы қолайсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу келесі бағыттарда қолданылады:

  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0–231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы);
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 191–390 шақырым аралығы (Мичурин кенті – Ресей Федерациясының шекарасы);
  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 254–415 шақырым аралығы (Шідерті ауылы – Атамекен ауылы);
  • осы жолдың тағы бір учаскесі 0–152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы – Ресей Федерациясының шекарасы).

Алдын ала мәлімет бойынша, жолдарды 12 наурыз сағат 9:00-де ашу жоспарланған.