Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Фото: Валерий Бугаев

Тағайындауға дейін шенеунік Астанада қызмет атқарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков тағайындалды.

Иран Маратұлы 1975 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, бизнес әкімшілендіру магистрі, PhD докторы.

Әр жылдары жауапты лауазымдарда еңбек етті. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тағайындауға дейін Иран Шаметеков ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.