Павлодар облысында екі жасөспірімнің балалар үйінен неліктен қашып кеткені белгілі болды

Павлодар облысында екі жасөспірімнің  балалар үйінен неліктен қашып кеткені белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар 12 қазан түнгі сағат екі жарымның шамасында қосымша есіктен қашып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова Шақат ауылындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері – қашып кетпек болған екі жасөспіріммен кездесті. Олар 12 қазан түнгі сағат екі жарымның шамасында қосалқы шығу есігінен қашып шығып, түнгі сағат үш шамасында тас жолға кеткен, әрі қарай жолай кетіп бара жатқан автокөлікпен Павлодар қаласына кетіп қалған. 

– Жасөспірім қыздардың айтуынша, олар бақылау мен қатаң тәртіпті моральдік-психологиялық қысым ретінде қабылдаған, сол себепті қашуды ойластырған. Балалар үйінде де, жергілікті мектепте де физикалық зорлық-зомбылық немесе қорқыту болмағанын айтты, – деді Сәуле Шәкенова. 

Қыздардың бірі балалар үйінде бір жылдан астам, екіншісі үш жылға жуық өмір сүреді. Екі қыз да өз отбасыларына оралғысы келеді. Олардың аналары ата-ана құқығынан айырылған. Басқа жақын туыстары бар.

– Мен қорғаншылық қызметкерлерімен бірге қыздардың отбасыларына оралу мүмкіндігін іздеуге тырысатын боламын, – деді уәкіл. – Ол қыздармен әңгімелесіп, оларға түнде жолға шығып, бейтаныс көлікке отырып, өз өмірлеріне қауіп төндіргенін түсіндірдім. Олар кішкентай емес: біреуі толық 16 жаста, екіншісі - 14 жаста, бірақ олармен болған әңгіме барысында бұл қылықтарының қаншалықты қауіпті екенін түсінбегендерін байқадым. 

Сәуле Шәкенова прокурорлық тексеру шеңберінде 11 қазанда қатты диск тәркіленіп және сәйкесінше бейнежазбаны қарап, балалардың қай уақытта қашқанын, оларды біреу күткенін немесе күтпегенін анықтау мүмкін болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, барлық балалар үйлерінде және аймақтық балаларды қолдау орталықтарында қатты дискілер тәркіленді. 

Сонымен қатар, уәкіл полиция қызметкерлері қыздарға, яғни ағзада алкоголь немесе есірткі заттарының бар-жоғын медициналық тексеруді жүргізбегенін, жолда қыздарды жеткізіп тастаған көлік жүргізушісі, орта жастағы ер адамның түнде жолда екі жасөспірім қызды көріп, дабыл қақпағанына қапалы. Бұл ретте, белгілі болған фактілер тиісті органдардың мұқият қарауын талап ететінін атап өтті.