Павлодар облысында электр энергиясы бағасы төмендетілді

Павлодар облысында электр энергиясы бағасы төмендетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұндай мүмкіндікке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар мен бизнес өкілдері ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Экибастузэнерго» ЖШС  ведомствоға заңды тұлғалар үшін электр энергиясына бағаны 1 кВтсағатқа 31,02 теңгеден 29,45 теңгеге дейін, яғни 5%-ға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар үшін 1 кВтсағатқа 27,51 теңгеден 27,26 теңгеге дейін, яғни 0,9%-ға (ҚҚС есептемегенде) төмендету туралы хабарлама жолдаған.

Бағаны төмендетуге жақында ҚР ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін қол жеткізілді.  Бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдалдық құрылымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүргізді, – деп жазылған хабарламада.

Бағаны төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Экибастузэнерго» ЖШС) ауысуы болды. Бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайтуға, тиісінше бағаны төмендетуге әсер етті.

Төмендетілген баға 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

Туындаған сұрақтар бойынша «Экибастузэнерго» ЖШС-не  Екібастұз қаласы М.Әуезов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жүгінуге болады. Тұтынушыларға арналған байланыс нөмірлері: 8(7187) 34 05 26, 8 (7187) 34 08 52